Құпиялылық саясаты
ubt.qanysh.academy сайтындағы екі формаға қатысты: «Толық ақпарат алу үшін нөмер қалдыр» және «3 күндік тегін сабаққа тіркел».
Қандай деректерді жинаймыз
- Атыңыз бен телефон нөміріңіз.
- Сабаққа тіркелу формасында — кім толтырады (оқушы / ата-ана) және сынып.
- Жарнама белгілері (utm), өтінім уақыты және спамнан қорғау үшін IP-мекенжайдың қайтымсыз хэші.
- Бетке кіру және өтінім жіберу туралы мәлімет — Meta және TikTok жарнама жүйелеріне (атыңыз бен телефоныңыз берілмейді).
Неге жинаймыз
Сізбен хабарласып, курс пен сабақ туралы айтып беру үшін. Басқа мақсатқа пайдаланбаймыз, ешкімге сатпаймыз.
Қайда сақталады
Біздің серверде, телефон шифрланған түрде. «Нөмер қалдыр» формасының өтінімдері amoCRM-ге де беріледі. TikTok-тағы өтінім формасы арқылы қалдырылған өтінімдер Google Кестелер арқылы орталықтың CRM жүйесіне (amoCRM) беріледі.
WhatsApp топ
Тіркелгеннен кейін WhatsApp топқа өз еркіңізбен қосыласыз. Топта нөміріңізді қатысушылар мен әкімшілер көреді, WhatsApp ережелері қолданылады.
Деректерді жою
+7 702 440 2025 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp-қа жазыңыз — деректеріңізді жоямыз. Келісімді кез келген уақытта қайтарып алуға болады.